ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СУ ҚОЙМАСЫ НЕГЕ СУАЛЫП БАРАДЫ?

14:23, 21 қыркүйек 2020

Глубокое ауданындағы су қоймасы суалып барады. Мұның себебі неде? Бұған кім кінәлі? Табиғат па? Жауапсыз тұрғындар ма?  Әлеуметтік желіде желдей есіп, лезде тараған видеода Глубокое ауданына таяу маңдағы су қоймасы түсірілген. Су қоймасының суы неге суалып барады? Бұған кім кінәлі?

Жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселені экология департаменті әлеуметтік желі арқылы білген. Су қоймасының қазіргі кейпі жүректі ауыртады.  Ауа жетпей тұншығып жатқан балықтарға қарауға дәтіңіз шыдамайды. Салаға жауаптылар су қоймасының суалып бара жатқандығының бірнеше себебі бар екендігін айтады.  Көп себептің бірі - жергілікті тұрғындардың ірі қараға арналған суаттарға көлшіктің арнасын бұрып алуы. Мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында басқарма мамандары жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сарапшылардың сөзінше, аталмыш су қоймасы үнемі еріген қар суының есебінен толады. Биыл климаттық жағдайларға байланысты жердің беткі қабатының қатпағандығының салдарынан судың негізгі қоры жер астына кеткен. Сол себепті де су қоймасындағы судың деңгейі төмендеген.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар