ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

14:50, 21 мамыр 2018

Жарма ауданында грек-рим күресінен облыстық ашық турнир өтті. Байрақты дода Астананың 20 жылдығына арналды. Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін 180 спортшы бақ сынады.

Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс биыл алғаш рет өтті. Шаршы алаңға спорттық жолын енді ғана бастаған жас өрендер шығып, өнерлерін көрсетті. Бұл сайыстың басты мақсаты – грек-рим күресін насихаттап, балуандардың спорттық шеберліктерін шыңдау.  Өскемен, Семей, Алматы, Павлодар, Шымкент қалалары мен Жарма, Аягөз, Үржар аудандарынан келген 9 команда  10 салмақ дәрежесінде сайысқа түсті.

Мамандардың пайымынша, спортта алғашқы қадамдарын бастаған балуандар үшін ұйымдастырылған турнирдің маңызы зор. Жеткіншектер бар білгенін көрсетіп, шеберліктерін шыңдайды.

Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен спортшылар медальдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.  

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар