ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

16:37, 7 тамыз 2020

Катонқарағай ауылдық округінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында абаттандыру, жолдар салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жуырда бассейні мен воркаут алаңдары бар спорт кешені бой көтермек.

Ауылдық округтегі жөндеу жұмыстары маусым айының 20-нда басталған. Қажетті техниканың барлығы жұмылдырылды. Қазір нысанда 15 адам еңбек етуде. Егер жұмыс көлемі ұлғаятын болса, мамандар санын тағы да арттыру көзделген. Мұнда жуыр арада шағын футбол алаңы, спорт залдары, 25 метрлік бассейн және жазда воркаут пен волейбол алаңы бар жағажайлы спорт кешені болады. Нысанды келер жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Ауқымы жағынан ірі өзге де жобаларды жүзеге асыру жоспары бар. Мәселен, Шыңғыстай ауылында сауықтыру кешенінің құрылысы, сондай-ақ 10 шақырымға созылатын су құбырын жүргізу, үш мектепті жөндеу жұмыстары мен екі көшеге асфальт төсеу мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар