ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

12:06, 20 мамыр 2020

Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйел өз балаларымен 11 жылдан соң онлайн көрісті. Шығыс Қазақстандағы 156/21 мекемесінің қызметкерлері ана мен балаларды бейнебайланыс арқылы сөйлестірді. Павлодар облысының тумасы Лариса Антонюк кезінде Түркіменстан азаматына тұрмысқа шығып, сол елге көшіп кеткен. Алайда тұрмыстық жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алып, 21 жылға бас бостандығынан айырылады. Бірер жылдан соң ол Қазақстандағы  түзету мекемесіне экстрадацияланған. Басқа елде қалған 4 баласын да туыстары қамқорлығына алып, елімізге жеткізеді. Қазір олар Екібастұз қаласында тұрып жатыр. Жалпы, Шығыс Қазақстандағы әйелдер колониясында қазіргі таңда 158 адам жазасын өтеуде. Аталған бастама аясында басталған шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар