Сот саласы мейлінше ізгіленуде

21:32, 6 қыркүйек 2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бұған дейін тапсырған болатын.

Осы мақсатта облысымыздың аумағындағы түрлі деңгейдегі сот ғимараттарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тек бір ғана кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын құзырлы орган өкілдері, балалар үшін бар жағдайды жасап қойған. Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен бұл жобаның жүзеге асуын арнайы келген шетелдік мамандар да қадағалап қарап отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Мұндағы бөлмелер түрлі істерді қарау кезіндегі сот отырыстарынан балаларды оқшаулап ұстау үшін арнайы жасақталған. Қажетті ойыншықтар мен оқулықтарға дейін алынып қойылған.
Бұл жұмыстар Қазақстанда балаларға және олардың құқықтарын қоғауға арналған әділсот жүйесін нығайтуға арналған еліміздің, Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның балалар қорымен бірлескен 3 жылдық бағдарламасы аясында іске асқан.

 

Тақырып бойынша материалдар

18:57, 23 қараша 2017
Өндіріске индустрия-4.0 элементі енгізіледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар