ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ШЫНЫ КАБИНЕТТЕР

15:01, 11 маусым 2018

Былтыр Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Азапсыз қоғамға» жобасын ұсынды. Бұл орайда Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тергеу қызметі бөлімінде әйнектен жасалған кабинеттер ашылды. Бұл заманауи құрылғымен жабдықталған бөлмелер қамауға алынғандарға қысым көрсетілудің жолдарын қияды.

Қызметін асыра пайдаланатын тергеушілерден қорғалу үшін биылдан бастап күдіктілер арнайы әйнектен жасалған бөлмеде тергеледі. Шыны бөлмеге мемлекет қаржысын жымқырғандар мен пара алғандар түседі. 

ЛЕЙЛА ИСКАКОВА, ШҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

«Осы жылдан бастап экономикалық тергеу қызметінде осындай ашық, мөлдір кабинеттер болды. Бұл жерде негізінен тергеу амалдары жүргізіледі. Яғни бұл кабинеттердің барлығы керекті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар осы бөлмеде жүргізіліп жатқан әрекеттердің барлығы бейнежазбаға түсіріліп отырады. Мұның барлығы кезекші бөлмеде сақталып, көрсетіліп отырады».

Арнайы жауап алу бөлмесі компьютерлік техникамен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Яғни, камерадағы адамның іс-қимылын толық бақылауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қылмыстық істер электронды форматта жүргізіледі.

ӘДІЛ ӘБІЛДАЕВ,  ШҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетеді. Прокуратура және сот  органдары барлық істі онлайн түрде көре алады. Яғни істі толық бақылап отыруға мүмкіндік бар».

Электронды қылмыстық іс жүйесін тәжірбиеге енгізгелі экономикалық тергеу қызметінде  74 іс тіркелген. Сондай-ақ, 45-ке жуық қылмыстық істің беті ашылып, тергеу амалдары сәтті аяқталған.  

АРНҰР ШАКЕРХАН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар