ШҰҒЫЛ! «ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ Толығырақ

ШЫҒЫСТЫҢ БАЛЫҒЫНА ШЕТЕЛДЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

17:47, 14 қыркүйек 2020

Күршім ауданындағы балық зауыты экспорттық әлеуетін арттыруда. «Төре-Тоғам» кәсіпорыны өз  өнімін Еуропа елдеріне жөнелтіп қана қоймай, отандық нарыққа да шығарады. Шығыстағы табиғат пайдаланушылар балықты аулап, өңдеумен қатар өңірдегі өзен-көлдерде оның қорын молайту максатында ауқымды жұмыстар атқаруда. «Төре-Тоғам» зауыты Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында ауланған балықты өңдеп, түрлі өнім шығарады. Кәсіпорын заманауй технологиямен жабдықталған. Өндірістік қуаты бір тәулікте 21 тонна балық сүбесін,  85 тонна басқа да балық өнімдерін шығаруға жетеді. Осы зауыт үшін балықты аулау мен тасымалдау саласында 400-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді. Ал серіктестіктің өзінде 81 адам жұмыс істейді. Биыл Зайсан көлінен аулауға рұқсат етілген балық мөлшері көбейген. Былтырғы жылмен салыстырғанда лимиттің молырақ берілуі экспорттық әлеуетті күшейтуге оң ықпалын тигізуде. Зауыт өнімі отандық нарықта да бар. Бұл үшін арнайы дүкен ашылған. Күршім ауданындағы серіктестік балық қорын молайтуға да  ерекше көңіл бөледі. Бұрын шабақтарды басқа жақтан сатып алса, соңғы жылдары мемлекеттік қолдаудың арқасында оларды өздері өсіріп, күзде өңірдің өзен-көлдеріне жібереді.Сондай-ақ ауданда «Тіршілік» шағын сүт-тауарлы фермасы да қарқынды жұмыс істеп келеді. Сүт өндіру агроөнеркәсіп кешенінің маңызды саласы. Аталған бағытты дамыту мақсатында көрші РФ 50 бас симменталь сиыры әкелінді.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА НАРАЗЫ
14:03, 27 қараша 2020
ТҰРҒЫНДАР КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА НАРАЗЫ
Толығырақ...
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
13:50, 27 қараша 2020
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...