Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде электронды медиациялық кабинет ашылды

21:42, 18 сәуір 2017

Бұл жоба Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырмасы бойынша іске асты.

Түрлі дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей, екіжақты татуластыру арқылы бір мәмілеге келтіретін медиация қызметі әлі де болса, өз деңгейінде қызмет көрсете алмай келеді. Сот ғимараттары мен өзге де жерлерде арнайы орындар ашылды. Алайда, онда жүгініп келетін халықтың саны аз. Сол үшін мемлекет Басшысы Қазақстан Халықтары ассамблеясының 22 сессиясында медиаторлардың жұмысын жандандыруды жергілікті жердегі Достық үйлеріне тапсырған болатын. Міне, соның нәтижесі, деп айтуға болады. Енді үйіңізден шықпай-ақ, Достық үйінің сайтында орналасқан электронды медиациялық кабинет арқылы кез-келген мәселеңізді шешіп алуыңызға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...