ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

«Шығыс - адалдық алаңы» жобасы

14:12, 27 қараша 2019

 «Шығыс-адалдық алаңы» жобасының мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау. Сондықтан, қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жобаның қызметі мол. Әсіресе, тұрғындар тарапынан ШҚО Әділет департаментіне қойылатын сұрақтар жауапсыз қалмайды. Оларға заң жүзінде жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жобалау кеңсесінің қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары мәселелеріне қатысты. Сол себепті, атаулы жобаның атқарар міндеті көп. Осымен жетінші рет өткен басқосуда сала мамандары қолданыстағы заңдарға енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларды басшылыққа ала отырып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Құжаттарды электронды тіркеу тәртібіне тоқталды. Азаматтық қоғамдық ұйымдар мен атқарушы билік органдары әріптестігінің нәтижелі жұмысы  осындай талқылаулар кезінде айқын көрінеді. Бұл ретте «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы жұмысын жүзеге асыруда Әділет департаменті белсенділік танытуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар