ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ШҚО МЕДИЦИНАСЫ ҚАРЫШТАП ДАМУДА

13:34, 12 наурыз 2019

Шығыс Қазақстанның медицина мекемелерімен стратегиялық әріптестік орнату мақсатында облысқа республиканың жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мамандары келді. Сапар барысында орталық өкілдері аймақ ауруханаларының медициналық құралдармен жабдықталуы дәрежесімен танысты. Делегацияның Өскемендегі алғаш бас сұққан нысаны - Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы болды. Әлемдік деңгейдегі кардиохирург Юрий Пя шеберлік сағатында жүрекке екі ота жасады. Астаналық мамандар медицина мекемелерінің жабдықталуы жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Сонымен қатар жергілікті дәрігерлердің біліктілігін де жоғары бағалады. Жыл бойында республиканың жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мамандары мен шығысқазақстандық дәрігерлері әріптестікті жалғастырмақ. Астаналық мамандар әріптестеріне тағы бірқатар шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар