ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Толығырақ

ШИПАЛЫ СУСЫНДАР

17:56, 11 қыркүйек 2020

Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Адам ағзасына тез сіңіп, түрлі асқазан, ісік ауруларына ем. Қан құрамын реттейді. Тіпті белсіздікті жояды дейді мамандар.  Соңғы уақытта ел ішінде ұлттық сусындарға деген сұраныс артқаны. Карантин мемлекеттің ғана осал тұстарын ғана емес, халықтың денсаулығының да дімкәс екенін көрсетіп берді. Жұқпалы індетпен күресудің жолын таппай шағаладай шарқ ұрған жұрт саумал мен қымыз іздеді. Біз қала шетінде бие байлап отырған кәсіпкер Сабырбай Сахариевпен әңгімелесіп қайттық. Биыл адам көп болғанын айтады. Күзге қарай адам саны азайған. Дегенмен шипалы сусындарға деген сұраныс жоғары. Тіршіліктің түйткілдері, демографиялық дағдарыс пен семіздік, түрлі онкологиялық аурулар адам санасына әсер етеді. Осы орайда экологиялық таза, табиғи өнімдер – саумал мен қымызбен балалардан бастап қарттарға дейін тұтынуларына болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...