ШҰҒЫЛ! СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК Толығырақ

ШІЛІКТІДЕГІ ҚЫЗМЕТ

14:30, 10 тамыз 2018

Зайсан ауданының ең шалғай дейтін тарихи дерекке бай Шіліктінің тіркеуінде 2110 адам тұрады. Әлеуметтік нысанның бәрі жұмыс істейді. Малды ауылға өліара шақта әр жаққа кеткен кісілерден кері оралғандары бары естілді. Дипломды жастар мектепке, емдеу орнына орналасса, енді бірі маусымдық шаруаларда жүр.

«Шіліктідегі көрнекті ғимараттың бірі - еңселі амбулатория ауыл ажарын ашып тұр. Жергілікті халық денсаулығының сақшысы. 7 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Мамандары жеткілікті. Округке қарасты елдімекендерден ауырып-сырқағандар алдымен осында емделеді. Өмір сүру сапасын жақсарту және ұзартуда дәрігерлер ел ішінде насихат жұмыстарын жүргізеді. Жалпы жиналыстарына қатысады. Міндетті медициналық сақтандыру туралы күн тәртібінен түспеген мәселе де профилактикалық жұмыс кестесінде».  

 

ҚЫДЫРХАН ИСАХАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

 

«Дәрілер уақытында беріледі, тегін дәрілер».

«Врачтар айтуы бойынша диеттамақтармен тамақтанамыз. Майлы тамақ жемей, сақтанып, арақ, анау-мынаудан сақтанып жүрмін. Өзіміз де сақтанамыз давление болғандықтан сақтану керек қой. Ауыр жұмысты да шектеп, сол жағдайымыз, учеттамын өзім». 

«Қыдырхан Исаханов біраздан бері гипертониямен ауырады. Кезінде шаруашылықтың бар шаруасына араласқан жанның жасы егде тарта келе денсаулығы сыр бере бастаған. Ауылдық амбулатория тарапынан барлық жәрдеммен қамтылған. Жалғыз ол емес, басқалар да сондай қамқорлықта».      

МӘНШҮК ТӨЛЕУОВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР:

«Науқастар көбінде бізде қан қысымы көтерілуі».

«Ишемиялық жүрек талмасы, бронхит, астмамен тұрады. Оларды дер кезінде анықтап, скрининг бақылаудан өткіземіз. Жылда сол шыққан науқастарды есепке алып, сол науқастармен жұмыс істейміз».   

Сонымен, тағы да қарбалас сәт туды. Қобдиша толы дәрісімен аяқасты сырқаттанған жерлестеріне «жедел жәрдем» асығып барады. Қиналғанның қасынан табылу – оның парызы. 

 

АСИРА НАЖМАДДИНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар