ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

ШЕМОНАИХАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

12:55, 7 ақпан 2019

17 млрд. 700 млн теңге. Бұл - былтыр Шемонаиха ауданының экономикасына құйылған инвестиция көлемі. Қомақты қаржы тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларын дамытуға бағытталды. Аудан әкімі Григорий Акулов халық алдындағы есебінде өткенді қорытындылап, биылғы жоспарларымен бөлісті. Әкім есебіне облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Шемонаиха жұрты алдында есеп берген Григорий Акулов аудан басшысы лауазымына жақында ғана тағайындалды. Дегенмен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайынан хабардар әкім өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары бойынша атқарылған жұмыстарды сараптап шықты. Аудан экономикасының драйвері саналатын ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсім байқалады. 2018 жылы 460 мың тонна ет, 42 мың тонна сүт, 140 мың тоннаға жуық дәнді дақылдар өндірілді. Өнім көлемі өткен жылдарға қарағанда 3 есеге артты. Алайда, сөрелердегі тауар құны Өскемен мен Семей қалаларындағы бағалардан әлдеқайда жоғары. Ауданда бұл жағдайды тұрақтандыратын істер қолға алынды. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселені бірінші кезекте шешу керектігін тапсырды. Аудан әкімінің есебін тындаған халық, өздерін мазалаған сұрақтарын тікелей облыс басшысына қойды. Бірі мүмкіндігі шектеулі балаларға психокоррекциялық кабинет ашуды сұраса, енді бірі 10 жылдан астам уақыт жөнделмеген жол мәселесін көтерді. Көктемде болған су тасқынына байланысты шемонаихалықтар өзен бөгетін жаңартуға аудан бюджеті қауқарсыз деп, әкімнен көмек сұрады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, Елбасы Жолдауларында айтылған маңызды бағыттардың Шығыс Қазақстан облысында қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Айтуынша, білім саласын ілгерілету мақсатында «Менің мектебім» бағдарламасы жүзеге асырылып, 277 мектепте жаңа модификациялық үлгідегі биология, химия, физика және робототехника кабинеттері жасақталды. Мұғалімдердің біліктілігі жетілдіріліп, үштілділік бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Медицина саласындағы жетістіктер де сараланды. Бұл орайда медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру басты назарда болуы тиіс. Облыс әкімі Даниал Ахметов дәрігерлер 3 деңгейлі бағдарлама негізінде оқытылатынын айтты. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Шемонаиха аудандық ауруханасына барды. Қосымша жабдықтау мүмкіндігін көрді. Жаңа жабдықтар медициналық мекемені көмек көрсетудің екінші деңгейіне ауыстыруға септігін тигізеді. Бірақ аймақ басшысы «сатып алынатын техника үздіксіз жұмыс істеуі керек» деді. Акушерлік-гинекологиялық, хирургиялық, балалар бөлімшелерінің жұмысымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов, денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Шорановқа, мекемені жаңа заманауи қондырғылармен жабдықтау мәселесін тереңірек зерттеуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар