ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Шектеулер алынады

17:31, 14 мамыр 2020

16 мамырдан бастап шығысқазақстандықтар үйреншікті өмір салтына орала бастайды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жеке автокөліктің, сондай-ақ рұқсат қағазы бойынша тұрғындардың қозғалуына барлық шектеулер алынып тасталады. Ауданы 2000 м2 дейін азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда дүкендері ашылады. 16 мамырдан бастап қонақ үй кешендері толыққанды жұмыс істей бастайды. Алакөл курортында нөмірлерді брондау ашылады. 15 мамырдан бастап әуе және теміржол билеттерін сату басталады. Ішкі темір жол қатынасын қайта жаңарту кезең-кезеңімен және 1 маусымнан басталмақ. Діни нысандар жұмысы жалғастырады, тек жиналғандар саны жалпы алаңының 30% ғана қамтуы тиіс. Бұл бізге елде ең бірінші болып шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді,- деді аймақ басшысы. Демек, мейрамханалар, дәмханалар және басқа да қоғамдық тамақтану нысандары жұмысқа кіріседі. Әзірге тек жазғы алаңдар ғана ашылмақ. Бұл ретте әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір уақытта адам саны 30-дан аспайтындай  болуы тиіс. Бұдан бөлек, Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Көкпекті аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай ауданында барлық білім беру орталықтары мен балабақшалар жұмысын қайта бастайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар