ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Шектеу шаралары жеңілдетіледі

13:47, 21 мамыр 2020

Шығысқазақстандықтар біртіндеп карантиндік режимнен шығады. Жақын арада тұрғындар өз елді-мекендерінен тыс жерлерде еркін қозғала алады. Бұл Семейден басқа  барлық қалалар мен аудандарға қатысты. Бүгін онда коронавирус жұқтыруға байланысты  тағы бір оқиға анықталды. Облыс әкімі Даниал Ахметов қандай шектеулер алынатыны туралы тұрғындарды хабардар етті. 16 мамырдан бастап өңірдегі шектеулердің біразы тоқтатылған болатын. Кейбір сауда орындары, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсету салалары өз жұмысын бастады. Бірақ санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы шарт. Арнайы комиссия негізгі талаптарды  үнемі бақылап, рейдтер ұйымдастыруда. Өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары бүгінгі күні жұмысын жандандырды. Коммерциялық кәсіпорындардың 65% - дан астамы қазір қызмет етіп тұр. Сондай-ақ, аймақ басшысы республикада СОVID-19-бен күрес жалғасып жатқанын тілге тиек етіп, аймақта коронавирустық инфекция ошағы болған жағдайда қатаң шектеу режимі қайта қалпына келтірілетінін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар