ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Шектеу шаралары жеңілдетілді

14:04, 2 маусым 2020

Облыс әкімінің қатысуымен  өткен жедел штаб отырысында Даниал Ахметов   кезең-кезеңімен барлық шектеулерді толық алып тастау және әдеттегі өмірге оралу бағытында жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді. Облыс бойынша карантин режимі 13-маусымға дейін қалады. Бірақ 3-маусымнан бастап, Семейден өзге барлық аудандар мен қалаларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік міндеттерін сақтай отырып, түнгі клубтар мен кальян тарту орындарынан басқа кәсіпкерлік және өзге де қызметтің барлық түрлері жұмысын қайта бастайды. Кинотеатрлар мен театрлардың сыйымдылығының 50%-ін ашуға рұқсат етіледі. Осындай талаппен қоғамдық тамақтану нысандары да жұмыс істейді. Алайда үлкен іс-шаралар өткізуге болмайды. Облыс әкімі, үйлену тойлары мен ас өткізу туралы өтініштер қазір көп түсетіндігін айтты. Осыған байланысты  бір апта ішінде ұсыным жинақтауға тапсырма берілгендігін мәлімдеді. Кәсіпкерлер мен санитарлық қызметтер бірлесе отырып, отбасылық салтанат және еске алу шаралары кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жұмыс алгоритмін әзірлеуі тиіс екенін айтты. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды. Атап айтқанда, қала және аудан әкімдері жазғы туристік маусымға дайындықты жалғастыруы қажет. 3 маусымнан бастап  туризмнің санаториялық-курорттық және емдеу-сауықтыру түрлері өз жұмыстарын бастауға болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар