ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

15:24, 26 маусым 2020

Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясы расталған 555 оқиға тіркелді. Бұл туралы Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин қалалық әкімдікте өткен арнайы жиында мәлімдеді. Соңғы уақытта аурулар саны күрт өскен. Қазірдің өзінде ауруханада 3 адам жасанды тыныс алу аппаратымен тыныстаса, 9 тұрғынның денсаулық жағдайы ауыр. Шектеу шаралары босансығанға дейін ШҚО ауру көрсеткіші төмен өңірлер санатына жатқан. Алайда тұрғындар бұл жайтқа салғырт қарағандықтан 27 маусым сағат 00:00-ден 11 шілде сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары қайта күшейтілді.

2020 жылдың 25 маусымындағы жағдай бойынша Өскемен қаласында індет жұқтырған 120 науқас анықталды. Бұл облыстағы жалпы ауырғандар санының 21,6%-ын құрап отыр дейді қаланың бас санитары. Иә, жағдай шынымен де мәз емес. Бұған тұрғындардың селқостығы да үлкен әсер беріп отыр дейді мамандар. Сондықтан, қалада шектеу шаралары қайта күшейтіліп отыр. Бұрынғыдай бұқаралық, спорттық шараларға және адам саны көп жиналатын отбасылық мерекелерді тойлауға болмайды. Сауда нысандарының жұмысына қатысты да талаптар әлі де қатаң. Азық-түлік сату орындары сағат 8.00ден 20.00-ге дейін, ал, тағам сатумен айналыспайтын обьектілер 10.00ден 19.00-ге дейін қызмет көрсете алады. Сенбі, жексенбі және мейрам күндері азық-түлік сатпайтын жерлер мен базарлар, ойын-сауық, көлік жөндеу орындары және шаштараз, сұлулық салондары жабық болады. Өскемендіктерге жеке көліктерімен демалыс күндері саяжайларға баруға рұқсат етіледі. Дегенмен тұрғындарда өздерімен бірге жер учаскесіне тиісті құжаттар болу керек. Айта кетейік, шектеу шараларының уақыты мен талаптары аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...