ШҰҒЫЛ! ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ Толығырақ

Шектеу қойылды

14:23, 19 наурыз 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің ел ішінде төтенше жағдай жариялауына байланысты, облыс аумағындағы қоғамдық көліктерде қауіпті індеттің алдын алу жолдары қарастырылды. Сонымен қоса халықаралық бағыттардағы əуе, темір жол мен автобус қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мəлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-жылғы N 359 бұйрығына сəйкес, жолаушылар жəне жүк тасымалымен айналысатын барлық қоғамдық көліктерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Осыған орай,  барлық автобустар күніне 3 рет дезинфекциялаудан өтеді. Келісімшарт бойынша тасымалдаушылар тазалық жұмыстарына қажетті заттармен   үш ай көлемінде қамтамасыз етеді. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.  Басқарма басшысы Шығыс Қазақстан аумағындағы халықаралық бағыттардағы əуе, темір жол мен автобус қозғалысы тоқтайтыны туралы айтты. Ағымдағы жылдың 27-ші қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасына қатынайтын 4 бағыт бойынша автобус тоқтатылды. Ал Ресейге жүретін 16 бағытқа  белгіленген мерзімге дейін шектеу қойылды. Сондай-ақ, халықаралық әуе қатынастары бойынша 18 наурыздан бастап  Өскемен-Мəскеу, ал 23 наурыздан бастап Өскемен-Новосібір халықаралық əуе қатынасы тоқтатылады. Басқарма басшысының мәліметі бойынша бұл халықаралық рейстерге 31 мамырға дейін шектеу қойылды. Осыған байланысты, жолаушылар алдын ала сатып алған билеттерін өткізулеріне болады.


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...