ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ШАРУАЛАРДАН СУБСИДИЯНЫ ҚАЙТАРУДЫ СҰРАП ЖАТЫР

17:27, 19 қараша 2020

Облыстағы шаруалардан субсидияны қайтарыңдар деп жатыр. Олар мемлекеттен демеу қаржыны қыстақтарында күн панельдерін орнатқаны үшін алған болатын. Алайда таяуда ауыл шаруашылығы басқармасы қожалықтарға хат жолдап, артық беріліп қойған ақшаны қайтаруды талап еткен. Демеу қаржының бір бөлігін қайтару қажет деген хат таяуда  қожалық иесі Сағындық Сапаровқа да келді.  Ол таулы жерде орналасқан қыстағында күн панельдерін орнатып, 2 920 000 теңге инвестициялық субсидия алған. Сапаровтар отбасының осы қыстақта отырғанына 45 жыл. Адал еңбектерімен төрт түлігін өсіріп отырған жандардың бірі. Күн панельдерін орнатуға кеткен шығындарының 80 пайызын мемлекет өтеп бергенде қуанышынде шек болмапты. Алғаш рет  субсидия алған шаруаға бұл жақсы қолдау еді.

Субсидияны қайтару туралы хат барлығы 13 қожалыққа жолданған. Жалпы, осы демеу қаржы төлеу кезінде де біраз қиындық туған. Субсидия беру  ережелері өзгеріп, ақыры іске прокуратура араласқанан кейін ғана шаруалар ақша алыпты. Облыстағы шаруалардың күн панельдерін жаппай қолдана бастағанына  2-3 жыл болды. Қожалықтарға инвестициялық субсидия ретінде барлығы 5 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Осы салаға жауапты  лауазымды тұлғалар  жыл басында ұнның ішіне жасырып 35 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...