ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МИКРОКРЕДИТТЕУ

13:31, 12 наурыз 2019

Облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырысында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын өңірде жүзеге асыру барысы талқыланды. Шағын және орта бизнесті микрокредиттеу бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алайда, барлығы айтқандай оңай емес. Облыс әкімі Даниал Ахметов профильдік мекемелердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында Шығыс Қазақстан белсенді жұмыс істеп келеді. Бұл көрсеткіш әсіресе өңірдің моноқалаларында ерекше қарқынды. Бірақ өңір басшысы Даниал Ахметов айтып өткендей, қаржы өз деңгейінде бөлініп отырған жоқ. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасы белгісіз себептермен тіс жармады. Әкім кредиттеу өсімі бойынша индикативті ұсыныс дайындап, наурыз айын бұл сұрақты сараптауға арнауды тапсырды. Уәкілетті мекемелердің міндеті кәсіпкерлер мәселелерін өз төрінде емес, моноқалаларда шешу. Облыс әкімі айтып өткендей, енді шенеуніктер кредиттеуге қаражаттың неге аз жоспарланғанын анықтауы керек.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар