ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Шағын орталық ашылды

14:13, 11 қыркүйек 2019

Аягөз ауданына қарасты Бейімбет Майлин ауылында мектепке дейінгі біліммен бүлдіршіндерді қамтамасыз ету мақсатында шағын орталық ашылды. Шалғай жатқан елді-мекен тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып отырған бастама ауданда әлі де жалғасын табады. Бейімбет Майлин ауылы тұрғындары бұл күнді ерекше қарсы алды. Себебі, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орталық есігін айқара ашып отыр. Аталған бастама ҚР Тұңғыш Президенті жүктеген тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылуда. Бейімбет Майлин  ауылы тұрғыны Дулат Нұрғаев саналы ғұмырын білім саласына арнаған. Енді міне зейнеткер ұстаз еңбек демалысына шыққан сәтте немерлерін орталыққа әкеліп, көңілі қуанышқа бөленуде. Шағын орталықта  2-4 жас аралығындағы  20 бүлдіршін тәлім-тәрбие алады.   5 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Ауданға қарасты шағын ауылдарды дамыту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар да атқарылмақ. Ауданға қарасты елді-мекендерде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жұмыстары жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...