ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Шағын орталық ашылды

14:04, 5 қыркүйек 2019

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты – жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі білім беруге баса назар аудару» қажеттігін баса айтты. Аталған бастама облыста бірнеше жылдан бері қарқынды жүзеге асырылып келеді. Оған дәлел Аягөз ауданында ашылған шағын орталық. Тақырыпты тілші тарқатады. Берекесі мен бірлігі жарасқан Қарағаш ауылында ұланасыр той. Себебі, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан түйіткілді мәселенің  нүктесі қойылды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың басшылығымен Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп жанынан «Айару» шағын орталығы ашылды. Қарғаш ауылының тұрғыны Сағатқан Жанғалиева 40 жылдан астам уақытын білім саласына арнаған. Енді міне зейнеткер ұстаз еңбек демалысына шыққан сәтте немерлері осы орталықтың табалдырығын аттап, қарт ананың көңіліне қуаныш сыйлауда. Шағын орталықта  3-5 жас аралығындағы  20 бүлдіршін тәлім-тәрбие алады. 4 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Мамандардың басым бөлігі жастар. Қарағаш ауылында жаңа мешіт бой көтеріп келеді. Осы күнге дейін болмаған Алла үйінің құрылысына ауыл халқы да барынша қолқабыс етуде. Ауданға қарасты шағын ауылдарды дамыту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар да атқарылмақ. Келесі кезекте ауданға қарасты елді-мекендерде балабақшаға баратын балалар саны анықталмақ. Сонымен қатар, бар баланы мектепке дейінгі біліммен қамту жоспарда бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...