ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

13:22, 10 желтоқсан 2018

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар іске асып, бүгінде кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Демеу бар жерде өрлеу бар. Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржылық қолдау байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау ауылдық жердегі шағын бизнестің өркендеуіне үлес қосып жүрген Еуропалық Одақ жобасы аясында ұйымдастырылды. Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы мен жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлер үшін арнайы бизнес-курстар ұйымдастырған. Тиісті біліммен қаруланған олар байқауда бақ сынады. Бес бірегей жоба мен әлеуметтік маңызы бар жоба қаржылық қолдауға ие болды. Шемонаихалық Ирина Пилюшина өзінің бизнесін өркендеткісі келеді. Аталған жобаның арқасында ол спорттық демалыс базасын кеңейтуді көздеп отыр. Жоба «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыра отырып, ауыл-аймақтың экономикалық дамуына және жергілікті қауымдастықтардың билік органдарымен қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаға қатысуға Шығыс Қазақстан облысынан 17 өтініш түсті. Олардың бесеуі қаржылық қолдау тапты.Аталған жоба 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар