ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

СЕРОЗДЫ МЕНИНГИТ

17:32, 7 қараша 2018

Семей қаласында менингит ауруына қатысты екі жағдай тіркелді. Төрт жастағы балалар «серозды менингит» диагнозымен ауруханаға түсті. Олар жеке меншік балабақша тәрбиеленушілері. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің неліктен карантинге жабылмауы туралы әріптестерім тарқатады. Семей қаласында екі төрт жасар бала менингит ауруына шалдықты. Бірінші жағдай 25-ші қазанда тіркелді. Екінші жағдай өткен аптада анықталды. Екі бала да бір балабақша тәрбиеленушілері. Алайда, медицина қызметкерлері тіркелген екі жағдайдың бірі-біріне қатысы жоқ дегенді алға тартып отыр. Бір бала ауруханадан шықты. Ал екіншісі инфекциялық ауруханада стационарлық ем қабылдауда. Жағдайы орташа. Өңірлік санитарлық және медициналық қызмет өкілдерінің айтуынша, мектепке дейінгі білім беру мекемесін карантинға жабуға ешқандай негіз жоқ. Қазірге кезде балабақша ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Науқастар араласты делінген жетпіс үш адам бақылауға алынды. Солардың алпыс алтысы балалар. Гүлайым Тағаеваның айтуынша, жыл басынан бері серозды менингит облыстың тағы да басқа аудандарында тіркелді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар