ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСКЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА

17:38, 22 қыркүйек 2020

Жарма ауданы Шар қаласының тұрғыны көп балалы ана Бибінұр Қалиева  2019 жылдың 3 айында АӘК қағылғандығын айтып арнамызға хабарласты. Әкімдіктің табалдырығын сан тоздырдым, нәтиже жоқ. Нақты істерінен, құрғақ уәделері көп  дейді. Бұдан бөлек жалғыз басты ана баспанадан таршылық көріп келеді.Шар қаласының тұрғыны Бибінұр Қалиева 6 құрсақ көтерген ана.  Бүгінгі таңда қолында 4 баласы бар. 2019 жылы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргеніммен 3 ай аталған қаржыдан қағылғанын айтады. Ашынған ана жұмыссызбын, жиған-тергенім бала-шағамнан аспайды, жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырғаныммен ол жақтан қайыр болмай тұр дейді. Бәрінен де қиыны, жалғызбасты ана 4 баласымен өзгенің қас-қабағына қарайлап, кісі үйін паналауға мәжбүр. Себеп, өз баспанасы тұруға жарамсыз, апатты жағдайда. Қабырғасы көгеріп, жарылуға айналған. Құжат жүзінде үйім болғаныммен мұнда тұрғанның өзі бір сынақ дейді.  Атаулы әлеуметтік көмек алу барысында көп балалы ана бір емес, бірнеше қиындыққа тап болған. Құжатты өткізу мерзімін жергілікті әкімдік қызметкерлері созғаны былай тұрсын, жағамды ұстатқан тағы бір жайт 16 жастағы балама алмаған еңбек ақыны жазып қойған дейді ашынған ана. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Жарма аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласқан едік. Кешіктіріп берген жауаптары осы.  Аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері арымыз таза, тиісті төлемдерді уақытылы беріп отырмыз деп ақталуда. Ал «ойы онға, санасы санға бөлінген» жалғызбасты ана айтылып отырған төлемді алмағандығын айтады. Шындық қай тарапта? «Алтай» арнасы мәселені назарда ұстайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар