ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК

15:35, 28 қараша 2018

Өңір басшысы Даниал Ахметов Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі Теодор Лингпен кездесті. Өскеменге ресми сапары барысында мәртебелі мейман ядролық отын банкінің жұмысымен танысып, Александр Сергеевич Пушкин атындағы облыстық кітапханаға барды. Аймақтық кәсіпкерлер палатасында болды. Кездесу аясында аймақ басшысы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың тарихы тереңде жатқанын айтып, облыс экономикасының жетекші бағыттары – металлургия, аграрлық сектор, энергетика салаларымен таныстырды. Сонымен бірге білім және медицинадағы жетістіктерді атап өтті. Теодор Линг өңір басшысына жылы шырайлы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елімізде ағылшын тілін оқыту үрдісі жақсы жолға қойылған. Шетелдік мамандар облыстың жетекші университеттерінде дәріс оқиды. Студенттердің тіл білу деңгейін жоғарылатуға үлес қосуда. Кездесу соңында облыс әкімі Даниал Ахметов пен Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі Теодор Линг алғыс белгісі ретінде сыйлықтармен алмасты.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар