ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Семинар-тренинг өтті

14:33, 8 қазан 2019

 «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының түпкі мақсатын бірі түсінсе,  бірі түсіне бермейді. Тіпті мемлекеттік қызметшілер арасында да жобаны толыққанды ұғынып, сол бойынша жұмыс істеп жүргендер аз. Осыған орай, облыстық әкімдікте семинар-тренинг ұйымдастырылды. Белгілі тренер Галина Грызунова жеке сабақтарын өткізіп, мемлекеттік бағдарламаны тиімді орындау жолдарымен бөлісті. Жоба өткен жылдың желтоқсанында қолға алынды. Тиімділігін дәлелдеп үлгерсе де, түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керек. Соны халыққа дұрыс жеткізу үшін, алдымен мемлекеттік қызметшілердің өзі біліммен қарулануы тиіс.  Шеберлік сыныбы барысында сөз болған біраз мәселе осы жайлы. Атап айтқанда, жобалық менеджмент,  бюджеттендіру, мемлекеттік қызметті тиімді жүзеге асыру және парасаттылық ұғымдары. Психология ғылымдарының кандидаты, жобаларды басқару жөнінен білікті кеңесші, тренер Галина Грызунованың айтуынша, «жобалық менеджмент» курсы жетістікке апарар бірден-бір жол. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар