ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Семинар тренинг өтті

14:33, 10 шілде 2019

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының  ұйымдастыруымен Өскеменде жаңа әліпбидың емле ережесін түсіндіруге бағытталған облыстық семинар-тренинг өтті. Басты  мақсаты –латын негізді қазақ әліпбиінің маңызын,  ережелер құрылымын кеңінен талқылап, іс жүзінде сауатты қолдану.Пушкин атындағы кітапханада өткен семинарға аймақтың тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары қатысты. Айтулы шарада латын ғарпін қолдану барысындағы шет елден енген сөздерді дұрыс жазудың  негізгі ережелері таныстырылды. Болашақта әліппені меңгерген мамандар жергілікті жердегі әріптестеріне құжаттама жүргізуде латын ғарпін сауатты пайдалануды үйрететін болады. Осы орайда арнайы әдістемелік құрал да әзірленген көрінеді.Семинар барысында қатысушылар берілген тапсырманы орындап, өздері кездестірген кедергілер төңірегінде сөз қозғап, кем тұстарын толықтыру туралы ұсыныстарын ортаға салды. Тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
13:52, 10 қыркүйек 2019
Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
Толығырақ...