ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Семинар өтті

14:08, 6 желтоқсан 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ел болашағы – жастарды рухани ағарту, діндегі жат ағымның алдын алу, отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие» атты семинар өтті. Аталмыш шараның мақсаты жастарды Отанын сүюге, барын бағалап, патриот болуға тәрбиелеу.Семинарды тарих ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Мирхат Мадияров жүргізді. Студенттерге ой салар құнды ақпараттармен бөлісіп, әр азаматтың қоғамның дамуына қосар өз үлесі бар екендігін жеткізді. Сонымен қатар оқытушылар, қоғам қайраткерлері мен белгігі өнер иелері де өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар семинар барысында жастардың діни сауатын арттыру, қоғамның рухани дертіне ем табу үшін  жастармен ұдайы пікір, білім алмасып отыру қажеттігі айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар