ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Семейде 65 адамды кене шаққан

14:10, 3 маусым 2020

Семейде 65 адамды кене шаққан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бірнеше есе аз. Әсіресе, осы уақытта жәндіктердің аса белсенді екендігін ескерсек бұл қалыпты жағдай деуге болады. Өңірімізде кене энцефалиті тіркелген жоқ. Дегенмен басқа да кене инфекциялары бар. Ондай жағдайда дәрігерге қаралу керек. Елімізде кенелер маусымы көктемде басталады. Ол кене энцефалитінің және өзге де ауруларды қоздыруымен қауіпті. Мамандардың келтіруінше, ШҚО кене энцефалиті, кене риккетсиозы және кене боррелиозы сынды үш кене инфекциясы бойынша эндемиялық аймақ саналады. Семей қаласы кене бөртпе сүзегі немесе риккетсиоз бойынша эндемиялық болып саналатын облыстағы 9 аумақтың қатарына енеді. Осы ауру бойынша өңір табиғи қарқынды ошақ болып саналады. Себебі, әдетте жалпы аурушаңдықтың 70 пайызына дейін тіркеледі. Статистикаға сәйкес, қазір кенелер шағуының күрт төмендеуі байқалады. Былтыр 217 оқиға тіркелсе, биыл 65 жағдай орын алған. Мамандар мұны карантин кезінде адамдардың өзін-өзі оқшаулауымен байланыстырады. Айта кетерлігі, биыл кене шаққан 65 жағдайда  асқынулар болмаған. Атап өтерлігі, кене шаққан жерді қасуға болмайды. Алып тастау үшін хирургке бару қажет. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, кене шаққан жердің маңын жіппен байлап, оны тұрған жерінен алып тастағанға дейін көтеру керек. Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу үшін емдеу мекемесіне дереу жүгіну қажет. Кене тек қала сыртында ашық табиғатта ғана емес, үйде де шағуы мүмкін. Олардың гүлмен немесе жануарлармен, заттар мен киімге жабысып келуі әбден ықтимал. Бұл жәндіктер сәуір-мамыр және маусым айларында ерекше белсенділік танытады. Сондықтан мамандар осы кезеңде қауіпсіздік шараларын ерекше сақтау керектігін айтады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар