ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«SEMEI» ТЕЛЕАРНАСЫНА 55 ЖЫЛ

17:32, 18 қыркүйек 2020

Биыл «Semei» телеарнасының құрылғанына 55 жыл толды. Семей телестудиясы 1965 жылы республика бойынша Алматы, Қарағанды және Өскеменнен кейін төртінші болып ашылған. Мерейтойға орай, апта бойы телеарнада түрлі шаралар ұйымдастырылды.  «Semei» телеарнасының ұжымы мерейтойға ерекше дайындалды. Тамыздың 10-ы мен қыркүйектің 25 аралығында өткізілген әдеби сайысқа көгілдір экранның ар жағындағы көрермендер ғана емес, орақ тілді ақындар да қатысты. Әдеби байқаудың шарты бойынша, қатысушылар өлеңдерін «Сәлем, Семей!» хабарының тікелей эфиріне скайп арқылы немесе алдын-ала түсіріп жіберуге мүмкіндік алды.

 «Сәлем Семей» хабарының тікелей эфирінде байқау жүлдегерлері марапатталып, үздік деп танылған ақынға арнамыздың арнайы сыйлығы табысталды. Мерейтой жоспарына сәйкес, арна журналистері Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультеті студенттерімен ZООМ желісінде онлайн жүздесіп, шеберлік сабағын өткізді. Мерейтой аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында телеарна тарихы туралы көрме ашылды. Шараға құрметті қонақ ретінде қатысқандардың арасында телевидение ардагерлері-облыстық телерадиокомпания басшыларының бірі Мұрат Алин мен диктор Зульфия Омарова болды.

Көрмеге сирек кездесетін жәдігерлер - телебағдарламаларды жазуға қолданылған телеқондырғылар мен техникалар қойылған. Олардың арасында ақпараттық тасымалдаушылардың эволюциясы, яғни ауыр катушкалардан бастап қазіргі заманғы флэш-дискілерге дейін бар. Сондай-ақ, түрлі кезеңдердегі директорлар мен ұжым туралы бірегей фототоматериалдар мен ақпарат ұсынылған. Телеарна жыл сайын жаңа тележобаларды таныстырады. «Жаңалықтар» мен телебағдарламалар FullHD форматында жазылады. 2019 жылы техникалық жабдықтау  жаңғыртылды. Телеарна мультиплекске қосылып, цифрлық форматта хабар таратуда. Мерейтой шеңберінде «SEMEI» телеарнасының ғимаратында мемлекет және қоғам қоғам қайраткері, тіл жанашыры – Бәтташ Сыдықовтың атындағы медиа аудитория ашылды. Семей телеарнасының 55 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар шеңберінде таңертеңнен телемарафон өтуде. Оның барысында қара шаңырақта кезінде еңбек еткен журналистермен қатар, режиссерлер, операторлармен сұхбаттар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, телеарнаның алтын қорындағы бағдарламалар, түрлі концерттер көрермендер назарына ұсынылды.  Бұған қоса телеарна ардагерлерінің қатысуымен ғимарат жанынан ескерткіш тақта ашылды. «Алаш айнасы» кітабы мен арна Әнұранының таныстырылымы өтті. Мерейтой аясында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер мерейтойлық төсбелгілер және грамоталармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар