ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ 19 ШАҒЫН АУДАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

«СЕМЕЙ ОРМАНЫНДА» ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР КӨБЕЙДІ

14:22, 30 қыркүйек 2020

Соңғы жылдары «Семей орманы» мемлекеттік орман резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы аң-құстың саны артып келеді. Мұнда құстардың ғана емес, жабайы жануарлардың да қарасы көбейген. Мұның басты себебі - аң аулауға рұқсаттың алынып тасталуы,- дейді мамандар. Қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі ерекше назар аударуды талап ететін өзекті мәселелер. Соңғы жылдары «Семей орманы» орман резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жабайы жануарлар мен құстар санының ұдайы өсуі байқалады. Бұған резерват қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмыстарды ретімен атқаруы әсер етуде. Бородулиха филиалында жабайы жануарлардың санын сақтау және ұлғайту мақсатында, қысқы кезеңге жемшөп дайындау, сондай-ақ жабайы жануарларды азықтандыру және есепке алу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Тәжірибелі орман  қызметкері Владимир Баканов өз учаскесін жақсы біледі. Қазір Бородулиха ауылының жанындағы көлде тыныштық орнаған. Мұндағы құстар жылы жаққа ұшып кеткен. Орман резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында аң аулауға тыйым салынған сәттен бастап жабайы жануарлардың саны артқан. Оларға қажетті тіршілік ету ортасы үшін қарағайлы орманның аумағында жасанды тоғандар жасалған.

Биоәртүрлілікті сақтау және қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдау үшін, орман қызметкерлері мен қорықшылар арнайы астаулар жасайды. Резерват қызметкерлерінің айтуынша, оған бұлан, елік және қабандар көп келетін көрінеді.Табиғи резерват аумағында жануарлар мен құстар популяциясының әртүрлілігін анықтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, өңірімізде құстардың 140-тан астам түрі мекендейді. Олардың арасында өте сирек кездесетіндіктен мемлекет қорғауына алынған және Қызыл кітапқа енген жануарлар да бар. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында экология мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, бұл кейінгі ұрпақ үшін маңызды. Осыған байланысты «Семей орманы» резерватының жануарларды қорғау жөніндегі жүргізіп жатқан жұмыстарының мақсаты –жануарлар мен құстардың сануалуан түрін сақтап, болашаққа табыстау.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар