ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Семей қаласын дамыту

20:01, 26 наурыз 2020

Облыс әкімі Даниал Ахметов қызметтік іс-сапармен Семей қаласына барды. Аймақ басшысы аяқ-киім фабрикасы мен Қарағайлы ықшамауданының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінгі таңда аталған ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Қарағайлыда бой көтеретін тұрғын үйлердің саны жыл сайын артып келеді. Алдағы жоспарға сәйкес 92 баспана тұрғызу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 92 үйдің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс жүргізілуде. Сонымен, алдағы жылдары Қарағайлы шағын ауданында 60 000 отбасы қоныс тойын тойлайды.Құрылыс жұмыстарын «Фирма Азия» ЖШС жүзеге асырып келеді. Аймақ басшысы мердігерлдердің қарқынды қызметіне жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, биылғы жылы Семейде инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлінетінбек.М Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі аяқ-киім фабрикасына да ат басын бұрды. Өндіріс орны арқылы  аз қамтылған әрі көп балалы отбасынан шыққан  балаларды мектеп формасы мен қатар аяқ киіммен де қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осы мақсатқа бюджеттен 440 млн.теңге қарастырылған. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...