Сарбаздар арасындағы сайыс

21:50, 15 наурыз 2017

Өскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының біріншілігі өтіп жатыр.

Оған Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Орталық өңірлік қолбасшылықтарынан, өзге бірқатар әскери бөлімдердің қызметкерлері қатысуда. Еліміздің әр облысынан сайдың тасындай іріктелген сарбаздар салтанатты ашылудан кейін бірден көз мергендіктерін дәлелдеу үшін атыс алаңына аттанды. Жарыстың бұл жалғыз ғана түрі.

Екі күнге жалғасатын сайыста 10 шақырымға шаңғымен жүгіру, тартылу секілді сындар да бар. Ұйымдастырушылар әскерилер үшін спорттық доданың берері мол – дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...