ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Сарбаздар ант қабылдады

12:55, 8 тамыз 2019

Ел тыныштығын күзететін сарбаздар саны толықты. салтанатты түрде ант қабылдады. Тілшілер сюжеті.Дәстүрлі ант қабылдау «Даңқ» мемориалы алаңында өтті. Жас сарбаз әскери дайындық курсынан өткен 5518 әскери бөлімінің 200-ден астам жауынгері Отанға адалдығын осылайша білдірді. Енді олар - толыққанды отанқорғаушылар.  Жас сарбаздарды «Нұр Отан» партиясының өкілдері, дін өкілдері, Ұлттық гвардияның, соғыс ардагерлері және тағы да басқалар құттықтады. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп,  әскери антқа адал болып, лайықты қызмет атқаруды тіледі.Бүгін осы сапта тұрған әрбір сарбаз үшін маңызды күн. Әр сарбаз Отан алдында ант қабылдап, тәуелсіз қазақ елін қорғауға қадам басты. Бұл салтанатты шарада ант қабылдаған сарбаздар бір жыл көлемінде өз машықтарын жетілдіреді.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар