ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС

10:12, 19 шілде 2018

«Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Өскемендегі көпқабатты үйлердің қабырғаларында жарықшақтар пайда болған. Сапасыз су құбырлары, жұқа қабырғалар. Есенберлин көшесінің тұрғындарына жаңа кірген үйлері ұнамайды. Пайдалануға берілгеніне бір жыл да болмаған тұрғын үйлердің қабырғаларына сызат түскен. Айдана Дайырова айтсын.

ӘСЕМ СЕМБИНОВА ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Қисайған ыстық су құбырынан Есенберлин көшесі тұрғындары қорқып отыр. Су жаңа пәтерге кірмей тұрып-ақ құрылыстың сапасы төмен екенін байқаған жұртшылық бірінші күннен-ақ шу көтерген. Алайда көрер көз, тыңдар құлақ болмапты. Ақыры айта-айта мезі болған тұрғындар ашуға мінді».

9 қабатты үйдің сыртқы қабырғаларында жарықшақтар пайда болған.  Мұндай сызаттар жарықшақтар үй ішінде де бар. Бұл аздай кіре берістегі баспалдақтардың да сапасы сын көтермейді. Ал көпқабатты үйдің іргетасының сыйқы мынау. Қақырап, жермен жексен болайын деп тұр. Мұндағы әрбір тұрғын баспанасы үшін ай сайын 60 мың мен 100 мың теңге аралығында ақы төлейді.

ЕРМЕК ҚАНАПИЯНҚЫЗЫ ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Трубалардың бәрі нашар. Ешбір ыстық суды көтере қоймайды. Биылғы жылы отопление берсе, давление жоғары болса, көтермеуі мүмкін. Есіктерінің бәрі нашар. Пластик терезелері бәрі нашар. Мына сияқты балкондарының бәрі ешқандай застекленный ешқандай сын  көтермейді. Бәрі қозғалып, ешқандай қауіпсіздік нелері сақталмаған. Қабырғаларының бәрі трещина».

ЕРКІН МҰРАТҰЛЫ ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мемлекеттік бағдарламамен тұрғызылған жаңа үйде тұрамыз.   Үйдің сапасы төмен. Әрине эконом класпен салынған үйлер. Бірақ, осынша экономдауға бола ма? Керегелердің жұқалығынан көршілердің тықыр еткен даусына дейін естіліп тұрады. Ыстық су құбырлары қисайып кеткен. Техногрупп кінәлді дейді жекеменшік пәтер иелері. Бірақ кім қабылдады бұл үйлерді. Самұрық қазына ма, кім кінәлі? Үйлердің қабырғаларына сызат түскен. Пәтерлердің ішіне де жарықшақ пайда болды. Жуыну мүмкін емес. Ваннада мұз қатады. Керегелердің жұқалығынан».

Тұрғын үйдің балкондары да жұқа қаңылтырдан. Боран соқса ұшқалы тұр. Жауапты сала өкілдеріне тұрғындардан бірнеше мәрте хат та жолданған. Араға апта салып, телеарнаға жауап берген«Техногруп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыстың сапасы туралы былай дейді.

БЕЙБІТЖАН АБРАИМОВ «ТЕХНОГРУПП» ЖШС БАС МЕРДІГЕРІ:

«Тұрғындар шағым беретін болса кск-мен бірігіп, сол шағымдармен жұмыс істейміз. Менде шағымдардың тізімі жоқ. Тізімі болса дереу істеп береміз. Құрылыс сапасыз салынды деп айта алмаймын. Бұл проект жобалық материалдармен салынған. Керегелерге түскен сызаттарды жойып жатырмыз. Қатты көңіл бөліп жатырмыз. Оны жоямыз. Үй негізі 2-3 жылда проектік отыру мерзімі бар. Соған байланысты сызаттар түседі. Оны жойып келеміз. Қауіп ешкімге жоқ».

Биік жерге салынған үйлерге су тарту да күрделі мәселе болған. Қалалық «Өскемен водоканал» кәсіпорны Есенберлин көшесіндегі жаңа үйлерді қабылдаудан бас тартқан. Өйткені, кәсіпорынның биікке орналасқан үйлерге су беруге қуаты жетпеген. Нәтижесінде, құрылысқа жауапты «Техногрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 көп қабатты үйге тоғыз сусорғы қондырғысын орнатып берген. Тек осыдан кейін ғана екі сағатқа созылған келіссөзбен «Өскемен водоканал» кәсіпорны су беруді жөн көріпті. Құрылыс компаниясы мамандарының айтуынша, бүлінген дәнеңе жоқ. Құрылыс сапасы араға үш жыл салғанда ғана жақсарады. Ал халық болса қираған үйінді астында қаламыз ба деп үрейленеді.

Үрейлі халықтың берекесін алған бір бұл емес. Жергілікті пәтер иелері коперативі ай сайынғы төлемақыны қымбаттатып алған. Сол қымбат ақысына сапасы сай емес дейді тұрғындар. 

ЕРМЕК ҚАНАПИЯНҚЫЗЫ ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Біздің келісіміссіз Одн деген светке аққша алып жатыр. КСК руқсатымызсыз. Жеке басым қол қойған жоқпын. Рұқсатымызды берген жоқпыз».

КСК бағасын 23 теңгеден 30 теңгеге көтеріп алған мамандардың уәжі басқа.

РИНАТ НЫСАНОВ КСК ТӨРАҒАСЫ:

«Сауаты бар ақшаны есептей алатын адамдыр былай да түсінуге болатын дүние. Дамафонды бөлек, тазалық үшін болек төлейтін еді. Біз өз қызметімізге қосқанбыз. Егербұл қызметтерді  бөлек төлесе тұрғындардың шығыны отыз теңгеден де көп болатын еді. Бірақ, 7 теңгеге қымбат төлемейміз десе өз еркі. Біз қайта есептеп, артық төлеген 7 теңгелерін қайтарамыз немесе басқа ұқызметті артық өтеп береміз».

Жауапты мамандардың айтуынша КСК төрағасының бұл әрекеті заңсыз. Қысқасы Өскемендегі «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасына көптің көңілі толмай отыр.

АЙДАНА ДАЙЫРОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...