ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

САПАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ

19:19, 4 қыркүйек 2019

 «Өз уақытында сапалы, халыққа қажетті заңдар қабылдаймыз.» Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бесінші сессияның алғашқы жалпы отырысында осылай деді. Депутаттарды қыруар жұмыс күтіп тұр. Оған Президеттің биылғы жолдауы негіз болмақ. Алғашқы отырыстағы жаңалықтармен Индира Бегайдар бөліседі. Қоғамға қуатты Парламент керек. Өтйкені қазіргі  жауапты міндетті абыроймен атқару үшін бүгіннен бастап белсене іске кірісу маңызды.  Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин  әсіресе, экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ , азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге да баса назар аударылмақ. Парламенттің төменгі палатасы қашан да  тұрғындар үшін, қоғамдық ұйым өкілдері үшін де ашық. Осыған дейін барлық Үкімет сағаттары, парламенттік тыңдаулар, жалпы отырыстар онлайн түрде өткізілсе, енді жұмыс тобының отырыстары, заң жобасының таныстырылымдарын кез-келген адам Мәжілістің сайтынан онлайн бақылай алады, яғни қолжетімді болады. Ал бүгінгі жалпы отырыста бірнеше өзекті заң жобасы жұмысқа алынды. Төменгі палатадағы  барлық жазу енді латын қарпінде. «Латын қарпіне көшу-үлкен мүмкіндік дейді депутаттар,ертеңгі болашаққа зор әсер етеді. Ал бағытын айқындап, жоспарын бекітіп алған Мәжіліс өкілдерінің алдында енді зор жауапкершілік жүктейтін жұмыс бар. Міндет үдесінен шыға білу керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...