ШҰҒЫЛ! ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

14:23, 25 маусым 2020

Облыс аумағында коронавирус індетінің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары қайтадан күшейтілді. Мәселен, Өскемендегі сауда орындары мен базарлар да күніне үш рет дезинфекциялануда. Сондай-ақ қалалық автопаркте бұл жұмыс кестеге сай жүргізілуде.

Қаладағы сауда орындары адам қарасы көп жүретін қоғамдық орын болғандықтан мұндағы тазалық пен санитарлық талаптар күшейтілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында базардағы әр сауда орнына күніне 3 рет  арнайы сұйықтықтар мен дәрілер себіледі. Орталықтағы базардың санитарлық дәрігерінің айтуынша, тазалық жұмыстарына саудагерлер де, келушілер де түсіністікпен қарауда. Сонымен қатар залалсыздандыру жұмыстары жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекемеде де санитарлық талаптар қатаң сақталуда.  Сондықтан, жүргізушілерге автобустарды күніне екі мәрте тазалап отыру міндеті жүктелген. Қоғамдық көлік ішіндегі  орындықтар, терезелер мен еден залалсыздандырылады. Автопарк директорының айтуынша, тазалау жұмыстары автобустардың жүру кестесіне еш әсер етпейді. Барлық жұмысты мекеме қызметкерлері өздері жүргізеді. Сондай-ақ, мамандар қала тұрғындары адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда  жеке бас гигиенасын сақтап, салауатты өмір салтын ұстанса деген пікірде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...