ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Сандық сауаттылық - инклюзивті ортада

12:42, 12 ақпан 2020

«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» дейді неміс педагог-дефектологы Пол Шуман.

Инклюзивті білім беру мәселесі шетелдерде жиырмасыншы ғасырдың 70-інші жылдары қолға алынды. 90-ыншы жылға таман АҚШ пен Еуропа оқу-тәрбие  бағдарламаларына толық енгізді. Өмір талабына қарай, «Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша инклюзивті білім беру ісіне кірісті. «Сандық Қазақстан» бағдарламасы негізінде ерекше жастар мен балаларға арналған сандық сауаттылық курстары  жұмыс істейді.

Инклюзивті оқыту – жаратылысы ерекше балаларды жалпы білім беру үрдісі арқылы сауаттылыққа баулып,  теңдікке бейімдейтін әлеуметтендіру әдісі. Олар үшін кедергісіз орта қалыптасып келеді.  Ата-аналар қауымын белсенді болуға үндеу мәселесі де жеткіншектердің   жеке тұлға ретінде дамып-өсуіне ықпал етеді. Саналы тәрбие мен сапалы білім  ұстанымын нығайтады. Оралхан Бөкей атындағы кітапхана «Алтын-Ай» мүгедек-аналардың қоғамдық бірлестігімен ортақ жоба құрып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы талаптарын орындауда.

Сандық сауаттылық сабағында қағаз бетіне жазылған суреттерге жан бітеді. Әркімнің  ойы әртүрлі. Бірі үй-жайын, енді бірі табиғат көріністерін өз түсінік-пайымымен мейлінше бейнелейді. Бұдан соң видеокамераға түсіріп алып, сол жерде монтаждайды. Кадрларды бір-бірімен мағынасына қарай таңдап, үйлестіреді. Сәйкесінше, жинақталған материалға қарап, мәтін құрастырады. Өздерін тілші ролінде көрсетіп, ойын түріндегі 1 сағаттық дәрістің қалай өте шыққанын сезбей қалады. Өйткені, ерекше жандарға бәрі таңсық. 

Инклюзивті білім беру ісінде «Кедергісіз кітапхана» бағдарламасы арқылы өткен жылы 68 оқырманға қызмет көрсетілді. «Сандық Қазақстан» - сандық теңдік» ұранымен қызмет көрігін қыздырған өскемендік ұжым  ИФЛ – кітапханаларға арналған электрондық ақпарат конкурсында халықаралық үкіметтік емес ұйымның ХІІІ сыйлығы грантын жеңіп алды.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...