ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

16:03, 15 мамыр 2018

Саналы ұрпақ – ұлт болашағы. Ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі – тәрбие мен білімде. Уақыт өткен сайын мектепке дейінгі білім беру жүйесіне деген талап күшейіп келеді. Бәсекеге сай, ұрпақ өсіру үшін балабақшаға баса назар аударған жөн. Елбасы Н.Назарбаев «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігін» тапсырды. Осы ретте Өскемендегі балабақшалар ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруды қолға ала бастады.

Ұзақ мерзімді жобалардың мақсаты – баланың интеллектуалды қырын дамытуды көздейді. Көбіне бұл жобалар шығармашылық бағытта жүзеге асады. Яғни, жас буынның сана-сезімін, ақыл-ойын кемелдендіріп, мектепке дейін эстетикалық талғамын  қалыптастырады.

 

МАРГАРИТА ГАЛИУЛИНА, БАЛАБАҚША ДИРЕКТОРЫ:

- Біз балабақша ісінде жобаларға көп мән береміз. Неге? деген сұрақ туады. Бір нәрсені қолмен жасап көргенде, есте тезірек сақталатынын айта өткен жөн. Балаларда да дәл солай. Яғни, білім беруде тәжірибелік бағытты көп қолдансақ, бала тез машықтанады. Соңғы кезде қол еңбегін ұмытып қалдық. Біз енді осы істі қайта жандандырмақпыз. Жақсы азамат қалыптастыру үшін бірінші еңбекке баулу маңызды. Мысалы, бізде әр топтың балалары көктем келе көшеттер отырғызып, сол өсімдік атаулыға қамқорлықпен қарайды.

 

Мамандар баланы жастайынан еңбекке баулудың бүлдіршін бойындағы жақсы қасиеттерді оятуға сеп екеніне бек сенімді. 40 жылдық тәжірибесі бар әдіскер Нина Литвинова «жаңашылдық ең әуелі жан-жақтылыққа тәрбиелейді» дейді.

 

НИНА ЛИТВИНОВА, БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ:

- Балалар балабақша қабырғасында зерттеу ісімен де айналысады. Естеріңізде болса, кезінде мектептегі химия сабағындағы тәжірибелер өте қызықты еді. Қазір бұл әдіспен мектепке дейінгі жаста айналысып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік бар. Бұл - нәтижелі жобалардың бірі.

 

Келер жылдан бастап балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет болады. Елбасы «орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу тездетілуге тиіс» екенін айтты. Бұл дегеніңіз мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар. Демек, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру - балабақшадан.

 

МЕРУЕРТ РАСУЛОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар