ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ Толығырақ

Салыққа салғырт қарамаңыз

14:11, 5 желтоқсан 2019

7000 мыңнан аса өскемендік жүргізуші көлік салығын өтемеген. Жалпы қарыз сомасы 196 миллион теңгеден асты. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге берешегі бар азаматтарды анықтауда. Бұл темір тұлпардың иесі бірнеше жылдан бері көлік салығын төлемеген. Есесіне, қарыз көлемі 170 мың теңгеден асқан. Көліктің зауыттан шығарылған жылы мен моделіне қарасаң, міндеттеген қарыз сомасына сай емес сияқты. Иесі қарызын толық төлемейінше, көлік айыппұл тұрағында болады. Ал жағдайды одан ары ушықтырса, көлік өзгелерге арзанға сатылуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, борышкерлер көлік салығын төлеуге салғырт қарайды. Ескертулер де, кейінге қалдырулар да көмектеспейді. Мұндай жағдайда қарыз төлемеушілерге іздеу жарияланады. Рейдтік шаралармен мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері айналысады. Салық мамандары бұл іс-әрекеттің нәтиже беретіндігін айтады. Көлік берешегінен құтылуға әрбір қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Естеріңізге салсақ, елімізде енгізілген салық рақымшылығы заңы бойынша жыл соңына дейін негізгі қарызды өтеу кезінде өсім автоматты түрде есептен шығарылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар