ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Салық кешірімі

14:19, 6 тамыз 2019

Қала тұрғындарының 264 миллион теңгеден астам салық  қарызы бар.  Қазақстанда жеке тұлғаларға салық кешірімі басталғандықтан, борышкерлердің барлық өсімпұлдары өтеледі. Толығырақ тілші тарқатады.Қала тұрғындарының шамамен 47 миллион теңгесі өтеледі. Бұл қарыз сомасының негізгі өсімпұлы. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше, салық кешіріміне екі категориядағы азаматтар кіреді. Біріншісі көлік құрал иелері, мүлікке және жеке табыс салығын төлейтін азаматтар. Екінші категориға 15 жылда жиналған қарызы бар азаматтар жатады.Қала тұрғындары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары берген мәлімет бойынша өсімпұлды өтеу жыл соңына дейін жалғасады.Атап өтерлігі, қарыздың 90% автокөлік салығы. Ал қарыздарын өтеп қойғандарға, өсімпұл кері қайтарылады.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар