ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«САЛАМАТТЫ АНА МЕН БАЛА» АЙЛЫҒЫ

13:37, 12 ақпан 2019

Елде көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жомарт жүректі жандар мен еріктілер қолдан келгенше көмек көрсетуде. Бұл - осыған дейінгі қамқорлықтың жандана түскендігінің айғағы. Облыстық білім басқармасы «Жүректен - жүрекке», ал денсаулық сақтау басқармасы «Саламатты ана мен бала» айлығы аясында атқарылатын оң бастамалары туралы журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді. Өңірде көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау, көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдары мен студенттер барынша атсалысып келеді. Одан оқушылар да шет қалмады. Акция аясында бірі үйдегі әрлеу жұмыстарын жүзеге асырса, енді бірі пәтердегі жылытқыштарды ауыстырды. Әркім шама-шарқына қарай жәрдемдесті. Бұл - қайырымдылық шараларының бір ғана. Ол мақсат-тілектерді орындауға ниет білдіргендерге шектеу жоқ. Жүректен шыққан ықылас жүрекке жетеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 12-ақпан мен 12-ші наурыз аралығын «Саламатты ана мен бала» акциясы деп жариялады. Арнайы тізім әзірленді. Айлық басталды. Әлжуаз топтағы отбасылар түгелдей қамтылады. Облыста 23 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар. Айлық аясында барлығына, соның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларға да медициналық тегін қызмет көрсетіледі. Қажет болған жағдайда күрделі әрі қымбат хирургиялық ем де мемлекет қаражаты есебінен жасалады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар