ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ Толығырақ

Сақтық шаралары назарда

17:52, 22 мамыр 2020

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитарының қаулысы шықты. Жаңа қаулыда облыс аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы баяндалған.

Жаңа қаулы, жаңа тәртіп. 23 мамырдан бастап аймақта қауіпті індеттің таралуын алдын алу бойынша бірқатар шаралар қолға алынады. Мәселен, қала, аудандардың кіреберісінде тұрған блок-посттар сол күйі қалады. Сонымен қатар, сыртқы блокпосттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері коронавирус инфекцияның таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгереді. Ал блок-посттар арқылы  тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері «жасыл дәліз» арқылы қажетті азық-түлік тауарларын жеткізуші автокөліктерге кедергісіз қозғалыс жасауға рұқсат берілді. Атап өтерлік жайт өскемендіктерге бас санитар рекреациялық аймақтарға демалысқа баруға рұқсат берді. Мұндай аймақтарға ашық аспан астындағы орындар жатады. Аймақтағы шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі. Алайда, шектеу шараларына қатысты мәселе 1 маусымда қайта қаралуы мүмкін.  Егер коронавирус бойынша өсім 7%-ға жетсе, яғни күніне 9-10 адам инфекция жұқтыратын жағдай туындаса, қатаң карантин режимін қайта енгізуге мәжбүр боламыз деді Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов. Мамандар сондай-ақ, тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар