ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Сақтық шаралары

13:55, 10 қаңтар 2020

Жылыту маусымы басталғалы Өскеменде өртке орану және улы газбен улану оқиғалары жиілеп кеткен. Қайғылы оқиғалардың алдын-алу мақсатында ТЖБ жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе жеке секторларға рейд жүргізді. Жарылған пештердің саңылауларынан төгілген көмір үгінділері, қауіпсіздік ережелеріне сай тартылмаған электр сымдары мен үй бөлмесінің ішінде шашылған темекі қалдықтары. Мұндай көріністі қала шетіндегі саяжайларда орналасқан үйлерді аралау кезінде өрт сөндірушілер жиі көреді. Мәселен,  мамандар  Восточник-5 саяжай серіктестігінің тұрғыны Ерғазы Жарбұлов қауіпсіздік шараларының өрескел бұзғандығын анықтады. Ал үй иесін аталған жайт еш алаңдатпайтын сыңайлы. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелеріне жеке сектор тұрғындары бей-жай қарауы салдарынан өрт оқиғалары жиілеп кеткенін айтады. Тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған рейд жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғаспақ.  Аталған іс-шаралар шеңберінде құтқарушылар қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратып, электр құралдары мен пешті дұрыс пайдалану туралы ақпарат бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар