ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

13:12, 10 қаңтар 2019

Облыстық полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы өткен жылды қорытындылады. Тәртіп сақшыларының берген мәліметіне сәйкес ұрлық саны 1-2% азайды. Толығырақ келесі бейнематериалда. Облыста жасалатын құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ұрлық. 2018 жылды қорытындылаған полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, былтыр 1452 мүлікті ұрлау фактісі тіркелсе, оның тек 818-інің ізін суытпай беті ашылды. Негізінен заң бұзушылар кілттерді тауып алып немесе пластикалық терезелерді ашып үйге кіреді екен. Вячеслав Аязбаевтың айтуынша, аталған азамат ауыр қылмыс жасады. 7 миллион теңгеден артық залал келтірілді. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны үш күн ішінде ұстады. Сонымен қатар, тергеу қорытындысы бойынша осы азаматтың тағы да осыған ұқсас 5 қылмыс жасағаны дәлелденді. Сонымен бірге, өңірде 265 млн. теңгеге мал ұрлығы тіркелгені белгілі болды. Шығынның 99 млн. теңгесі қайтарылды. Брифинг барысында тәртіп сақшылары азаматтарға осындай қылмыстардан сақтану шараларына көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мәселен, кейде тұрғындар тонаушылардың назарын өздері аудартады. Мамандардың айтуынша, пәтерлерге орнатылған дабыл үй – мүлкінің сақталуына кепіл.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар