ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

«Сақтансаң, сақтаймын!»

18:02, 12 қаңтар 2018

Аптаның басынан бері төтенше жағдайлар басқармасы мамандары мен полицейлер бірігіп, Өскеменнің Бабкина Мельница шағын ауданында өрттің алдын-алу шараларын жүргізді.

Оқыс оқиға кезіндегі қимыл-әрекеттің қандай болу керектігін түсіндірді. Басты назар - жеке секторда.«Қыста күннің жылуы аз, өртенуі мүмкін өсімдік жоқ, өрт қайдан шығады?» деу қате болар. Өзгелерден бұрын қауіп жазда отын жиып, қыста пешін жағатын халыққа төнеді. Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы  мен жергілікті полиция бөлімі қатердің алдын алу үшін тиесілі іс-шараларын жүргізумен келеді. Қауіпсіздік ережесін қадағалап, өміріне сақтықпен қарайтындар некен-саяқ. Сондай топтағы тұрғындар қатарына әсіресе әлеуметтік жағдайы мәз емес және көпбалалы отбасылар жатады. Сондықтан қыс айлары рейд, бақылау жұмыстары және қызметтік күштің бәрі тұрғын-үй секторына жұмылдырылады. 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар