ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ТӨЛЕМДЕРІ АРТАДЫ

21:39, 12 наурыз 2019

Әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс берушілердің әрбір қызметкер үшін аударатын қаржысынан құралады. Қазір қорда 1,4 трлн. теңге бар. Былтыр одан 800 мың адамға 190 млрд. теңге берілген. Министрлік ұсынып отырған жаңа заң бойынша 5 бағыт бойынша төлемдердің көлемі артпақ. Мәселен, еңбек қабілетінен айырылған, 100 мың теңге жалақы алып келген азамат қазір орташа есеппен 23 мың теңге алады. Ал, жаңа құжатқа сәйкес, ол 35 пайызға артып, 31 мың теңге шамасында болмақ. Сондай-ақ, жұмысынан айырылып қалған азаматтарға да берілетін әлеуметтік төлемді көбейту жоспарлануда. Аналар үшін жағымды жаңалық. Енді бір жасқа дейін бала күтіміне берілетін төлем жұмысқа шықса да, тоқтатылмайды. Ал, жәрдемақының мөлшері бір балаға 15 050 теңге, екіншісіне 17 794, үшінші балаға 20 512, төртінші және одан көп балаға 23 255 теңге. Жыл сайын төлем өсіп отырады. Жаңа құжат бойынша әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер орташа есеппен 30-36 пайызға көбейеді. Оның игілігін 200 мың адам көреді деп күтілуде. Айта кетейік, бұл қордың төлемдері мен мемлекеттен берілетін жәрдемақылар екі бөлек дүние. Яғни, бұл төлемдер жұмыс істеп немесе қорға аударым жасап жүрген азаматтарға ғана беріледі. Бүгінгі таңда жүйеге қатысушылардың саны 6 миллионнан асады.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...