ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Сайлау жүйесін саралады

13:54, 16 тамыз 2019

Өскемен қаласында  сайлау процестерінің негіздері және ҚР элективтік заңнамасы туралы «Менің құқығым» жазғы мектебі жұмысын бастады. «Халықтың электоралды сауаттылығын арттыру және қоғамды процеске тарту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау мақсатында ШҚО ішкі саясат басқармасы «Қазақстан халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен» бірлесе жазғы мектеп ұйымдастырды.Оқытудағы негізгі тақырып ҚР – ның сайлау туралы заңнамасы. Мектеп белсенді жастар қатарынан 25 адамды оқытуға арналған. Тыңдаушылар сайлау процестерін реттейтін заңнама туралы білім алды. Сондай-ақ үлгілік құжаттармен жұмыс істеп, учаскелік комиссияның шешімдері мен әрекеттерін бағалауды үйренді. Сайлау күні дауыс беру парақтарын санау, қорытынды хаттама жасау және оның көшірмесін беру жұмысына бақылау ұйымдастыру сынды іскерлік ойын өткізді.Жазғы мектеп лекторлары танымал ғылыми заңгерлер, психологтар, Қазақстан мен Ресейдің демографтары, сайлау құқығы мен процесі саласында тәжірибесі мол сарапшылар. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сайлау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңы жазылған брошюралар ұсынылды.Жазғы мектептің 4 күндік оқуынан кейін студенттер тестілеуден өтіп, сайлау процестерінің негіздері және сайлау заңнамасы туралы жеке куәлік алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар