
Кешегі сайлау күні Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала орталығында» 17 нәресте дүниеге келді. Оның 9 - ы ұл, 8 - і қыз. Босанған аналардың ішінде ауылдан келгендері де бар. Олар Күршім, Көкпекті, Күршім және Ұлан аудандарының тұрғындары. ШҚО Ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбековтың айтуынша, мұнда жылына шамамен 9 мыңға жуық сәби өмірге келеді. Ал бір тәулік ішінде 25 - 30 нәресте дүние есігін ашады. Сайлау күні босанған аналардың ең жасы – 21-де болса, ең үлкені – 38 жаста. Сондай жанның бірі – Айгүл Мейрамбаева. 3 баланың анасы Күршім ауданынан келген. Еске сала кетейік, кеше елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұл күні облыста дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер - Сайлау, Сайлаугүл, Сайлаубек. Дауыс беруге перзентханада жатқан 200-ден аса жүкті және бұрын босанған әйелдер қатысқан. Дәрігерлер сайлау күні өмір есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.